• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау үшін 51 шет мемлекетте сайлау учаскелері ашылды-ҚР ОСК

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау үшін 51 шет мемлекетте сайлау учаскелері ашылды-ҚР ОСК

10 Ақпан, 2016 16:13
Шетелде өмір сүріп жатқан Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісінде болатын сайлауға дауыс беру мақсатында 51 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі құрылды. Бұл жөнінде Астана қаласындағы сайлау комиссиясының хатшысы Вера Пытьева ҚР ОСК отырысында айтып өтті.

«ҚР өкілеттілігі жанында 65 сайлау учаскесі 51 шет елдің мемлекетінде орналасқан. Алты шет елдің мемлекеттерінде екі немесе одан да көп сайлау учаскелері қалыптасқан, төрт сайлау учаскесі  Қытай Ұлттық Республикасында  орналасқан, бес сайлау учаскесі Ресей Одағында, ал Германия мен Беларусияда екі сайлау учаскелері орналасқан»,-деді ол. 

Сондай-ақ, қалалық сайлау комиссияларында шет елдерде орналасқан  сайлау комисияларына көмек көрсетіп отырады және ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста. Барлық шет елдік комиссия керекті материалдармен жабдықталған. 

«Кеңсе тауарларымен жабдықтаудан бөлек, хаттамалар үлгілері, арнайы жәшіктер, дауыс беруге арналған бюллетеньдермен уақытылы  жабдықталған. Сайлау учаскесінің өсуі болған жоқ»,-деді ол. 

Естерінізге сала кетйік, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына барлығы 107 үміткер сайланады. Олардың ішінде: 98 депутат 20 наурызда партиялық тізім бойынша, тоғызы 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. 

Барлық жаңалықтар