• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2006 жылдан бастап Қостанай облысында майлы дақылдардың егісі 7 есеге көбейді

2006 жылдан бастап Қостанай облысында майлы дақылдардың егісі 7 есеге көбейді

13 Қараша, 2013 15:20
2013 жылы 2006 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егісі 34 мың гектардан 233 мың гектарға дейін немесе 7 есе ұлғайды, деп Қостанай облысының ауыл шаруашылық басқармасы хабарлады.

Ауыл шаруашылығы басқармасымен рапс-майлы дақылының егістік көлемдерін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізілді.  2013 жылы 2006 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егісі 34 мың гектардан 233 мың гектарға дейін немесе 7 есе ұлғайды, оның ішінде рапс егісінің алабы 22%-ға артты және 28 мың гектарды құрады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Облыста қуаттылығы жылына 36 мың тонна болатын, рапстың майлы дәнін қайта өңдеу бойынша зауыт пайдалануға іске қосылған.  

4 элеваторда рапс тұқымын қабылдау және сұрыптау бойынша желі құрылысы салынған.

Барлық жаңалықтар