• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Әбілова: Жаһандық экономикалық дағдарыс қазақстандықтарды тиімді өмір сүруге үйретеді

Р.Әбілова: Жаһандық экономикалық дағдарыс қазақстандықтарды тиімді өмір сүруге үйретеді

10 Ақпан, 2016 15:54
Жаһандық экономикалық дағдарыс қазақстандықтарды өмір тиімді сүруге үйретуі керек, деп Іле ауданындағы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Роза Әбілова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Президенттің жаһандық сынақ күндері келеді деп айтқан сөзі өзекті. Осы кезеңді абыроймен өту үшін, толығымен еңбек етуге үйреніп, еліміздің тәуелсіздігін қорғап, халық сыртқы нарықта өз өнімдерін шығарып, күш жігер көрсетуі керек»,-деді Р.Әбілова.

Оның айтуынша, әлемдік дағдарыс пен қиын экономикалық жағдай қазақстандықтарды өмір сүру құралдарына үйретуі  керек.

«Президент әлеуметтік әлжуаз тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуді жай айтқан жоқ. Жәрдемақыны шын мәнінде мұқтаж болып отырғандар алу керек»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауына әлеуметтік әлжуаз тұрғындарға назар аударып, әлеуметтік әділдік жоғалмау керектігін айтты.  «Өйткені әрбір әлеуметтік төлем- бюджетке қосымша ауртпалық қана емес, ол қазақстандық азаматтарға қосымша жүктеме.  Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыстағы қазақстандықтарға әлеуметтік әділетсіздік ретінде болмауы керек екендігін түсіну керек»,-деді Н.Назарбаев.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар