• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Аймағамбетов: Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосады

Е.Аймағамбетов: Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосады

10 Ақпан, 2016 15:52
Қазақстанның ұлттық экономикасын жаңғырту мен дағдарысқа қарсы тұрақтандыруды іске асыру шаралары әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуге септігін тигізеді, деп Экономикалық Қазтұтынуодағы университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы тұрақтылық пен Қазақстанның ұлттық экономикасының құрылымдық жаңғыруының нақты өлшемдерін анықтады. Олардың іске асуы әлемнің дамыған елдерінің  қатарына енуге септігін тигізеді. Бүгінгі күні осы тапсырмалардың барлығын шоғырландыру қажет»,- деді Е.Аймағамбетов.

Ректордың айтуы бойынша, нарықтық экономика-бұл бәсекелестік күш, аталмыш жағдайда жігерлі және мықты болу үшін кәсіптік орта өкілдеріне өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін жоғары оқу орындарымен және ғылыммен шоғырландыру керек.

«Дамыған елдердің жоғары оқу орындары- әрқашан идеялар мен инновацияларды негізгі жеткізуші көзі болып табылады. Сол себепті арнайы мамандардырылған экономикалық ҒЗИ мен Қазақстанның ЖОО-да кәсіпкерлер мен өнеркәсіп үшін  дағдарысқа қарсы кеңес орталығын ұйымдастыру керек. Маркетингтік және экономикалық зерттеулер негізінде жаңа нарықтарға іздеу үшін компанияларға кеңестер жүргізіп, дағдарыс кезінде бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін стратегияны әзірлеу керек»,-деді экономика ғылымының докторы.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар