• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында жаңадан қоныстанушылар 5 жаңа тұрғын үй пәтерінің кілтіне ие болды

Алматы облысында жаңадан қоныстанушылар 5 жаңа тұрғын үй пәтерінің кілтіне ие болды

10 Ақпан, 2016 15:19
Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік мекеме жұмысшыларына, аз қамтамасыз етілгендерге, мүгедектерге, сондай-ақ, басқа да категорияға жататын азаматтарға жаңадан салынған 5 тұрғын үйден пәтер кілттері тапсырылды.

«Әр отбасының ең негізгі қажеттілігі – ол баспана. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халықтың қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілуіне айрықша назар аударады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жетісулықтардың баспанамен қамтамасыз етілуі артып келеді. Бұған бүгін тағы да жаңа пәтерге ие болып жатқан  қуаныш иелері қосылып отыр. Жаңа қоныстарыңыз жылылық пен қуанышқа толы болсын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!»,-деп құттықтады аймақ басшысы Амандық Баталов.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда 180 пәтерлі 4 несиелік үй мен 60 пәтерлі 1 коммуналдық үй тапсырылды. Облыста биыл жалпы 544,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 49,3 мың шаршы метрі «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының аясында жүзеге асады.

Барлық жаңалықтар