- Басты
- Жаңалықтар
- Транстелеком Астана ЭКСПО-2017 ресми серіктесі атанды
Транстелеком Астана ЭКСПО-2017 ресми серіктесі атанды
«Транстелеком» – еліміздің ірі ІТ және байланыс операторларының бірі. Ол телекоммуникация, ақпараттық коммуникация саласында кең ауқымды қызмет көрсете алатын бірегей компания, сондай-ақ ІТ интегратор болып табылады.
«Қазақстандық компанияның инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқандығын көру көңіл қуантады. Транстелекомнің ауқымды филиалдық жүйесі бар, бұл бүкіл Қазақстан көлемінде ЭКСПО көрмесін кең тарауына ықпал етеді. Сондықтан біздің жобамызға Транстелеком сынды алдыңғы қатарлы компаниялардың қатысуы еліміздің болашаққа деген сенімін нығайтып, Елбасы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді» - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.
«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми «ІТ серіктесі» болу «Транстелеком» үшін үлкен мәртебе. Әлбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін маңызды шаралардың бірі. Бүгінгі таңда «Транстелеком» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде. Біз іс-шараның мәні мен маңызы түсіне отырып, оған үлкен жауапкершілікпен қараймыз», - деді компания Президенті Дәурен Пішембаев.
Алдағы уақытта «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «Транстелеком» АҚ халықаралық көрмені өткізу бағытында бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.
Сондай-ақ, «Транстелеком» АҚ ЭКСПО-2017 көрмесі барысында «Ұйымдастырушылар кеңсесін» телефония мен интернетпен қамтамасыз етіп, шетелдік қатысушылар үшін VPN қолжетімділігін техникалық тұрғыдан жағдай жасап, көрме қонақтарына бүкіл көрме өтетін кезең барысында интернет желісін ұсынатын болды.
Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардың қатарында: NCOC, Shell, Samsung, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Самрұқ Энерго» АҚ, «Қазпочта» АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі -
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс