Қарағанды облысында «БЖК-2020» бойынша 101,6 млрд теңгенің 888 жобасы қолданды

11 Ақпан, 2016 09:13
Облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы сомасы 101,6 млрд. теңге болатын 888 жоба қолдау тапты, бұл – республика бойынша үшінші нәтиже, деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

2015 жылы бағдарламаға қатысушылардың саны 268 кәсіпкерді құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсімі – 12,6%.

Нәтижесінде бұрыннан бар 50 мыңнан аса жұмыс орындары сақталып, 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды. Бюджет кірісіне 15 млрд. теңгеге жуық салық төлемдері түсті.

Өткен жылы қаржылық емес қолдау бағдарламасы аясында 1500 адам оқытылды. Кешенді қызмет көрсетулерді ұсынудың үшдеңгейлі жұмысының арқасында 9 мыңнан аса кәсіпкерлерге 26 мың кеңес берілді.

Бұдан тысқары, облыстың 95 кәсіпкері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған қаражатынан сомасы 10,7 млрд. теңге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін иеленді.

Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен сауда және қызмет көрсетулер саласында құны 5,1 млрд. теңге тұратын 120 жаңа нысан пайдалануға берілді, бұл оның алдындағы жылдан екі есеге жуық артық. Соның нәтижесінде 1000-ға тарта тұрақты жұмыс орындары құрылып, бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.

Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңге болатын туристік бизнестің 17 нысаны іске қосылды, оның ішінде, 80 жұмыс орыны құрылған 6 жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» – бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тапты.

Нәтижесінде аймақта іс үстіндегі бизнестің 86 мыңға жуық субъектісі бар, бұл салада 240 мың адам немесе тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің 32%-ы қамтылған, өндірілген өнім сомасы 650 млрд. теңгеден асып түседі.

Жалпы алғанда, көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлерге жаңа технологияны енгізуге, өз бизнесін ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға көмектесті.

Барлық жаңалықтар