- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қарағанды облысында 2016 жылы 101,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылады
ИИДМБ: Қарағанды облысында 2016 жылы 101,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылады
«Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында 6,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, 800 жаңа жұмыс орындары құрылатын 101,1 млрд. теңгенің 10 жобасы – 2016 жылдың үлесінде.
Өткен жылы негізгі капиталға 355,1 млрд. теңге инвестиция құйылды, оның 24%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі», - деді облыс әкімі.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымы негізгі нысандарының құрылысы аяқталды, бұл жайт АЭА-ның қазіргі қатысушыларына тиісінше қызмет түрлерін ұсынуға (электр қуаты, теміржол қызметтері, сумен қамтамасыз ету және тағы басқалары) мүмкіндік береді.
АЭА аумағына 3 жаңа компания тартылды. Жаңа жобалар бойынша инвестициялар сомасы 21 млрд. теңге шамасында, 224 жұмыс орыны құрылады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес құрамына инвесторлар, ірі бизнес, даму институттары және мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді», - деді ол.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында индустрияландыру және инвестиция саласындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Оған Қарағанды облысынан 2 жоба: «Қазақстан Республикасында көмір өңдеу жөніндегі кешен құрылысы» және «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді балқытулар заводы құрылысы» жобалары енгізілген.
«Облыстағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің дамуына жүйені құрушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді отандық тауар өндірушілерден сатып алулары айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасы аумағында бүгінгі күні Қарағанды облысы көшбасшылық орында тұр»,- Н.Әбдібеков.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген