2015 жылы Астанада 310 тұрғын үйінің шатыры жөнделді

10 Ақпан, 2016 13:16
Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде елорданың тұрғын үй қорының жағдайы мәселелеріне айрықша тоқталды.

“Елорданың тұрғын үй қоры 35 541 үйден, соның ішінде 2352 көппәтерлі тұрғын үй қорынан тұрады. Көппәтерлі тұрғын үй қорына 472 пайдаланушы ұйым қызмет көрсетеді.Тұрғын үй қорындағы 5329 бірлік лифтке 47 салалық ұйым қызмет көрсетеді”, - деді ол.

2015 жылы жылыту маусымына дайындық аясындақызмет көрсетуші ұйымдар күшімен келесі жұмыстар атқарылды:

“Жалпы ауданы 26,8 мың. м² құрайтын 310 тұрғын үйдің шатыры жөнделді; 318 тұрғын үйдің 57 кіреберісі, 4 лифті жөнделді; 461 тұрғын үйдің ұзындығы 9800 п.м. болатын жылу желісі, 352 тұрғын үйдің ұзындығы 13 600 п.м. болатын су және кәріз желісі, 414 тұрғын үйдің ұзындығы 8200 п.м. болатын электр желілері мен 774 электр тұстамасы қайта жөнделді”, - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар