- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Айтмұхамбетов: Астанада жылу беру үрдісі жоспар бойынша жүзеге асырылуда
Қ.Айтмұхамбетов: Астанада жылу беру үрдісі жоспар бойынша жүзеге асырылуда
«Қалада жылыту маусымы қалыпты жүріп жатыр. Бекiтiлген режим картасына сәйкес жылу тарату құбырлары тиiстi деңгейде жұмыс істеп, апаттық және I деңгейдегi ауытқулар болған жоқ. Бүгiнгi таңда энергия көздерi 20 тәулiкке жететiн отынмен қамтамасыз етiлген. 2015 жылы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында №1 ЖЭО-да №7 қазандық агрегаты және №2 ЖЭО-да №5 құбыр агрегаты iске қосылды. Бұл электр қуатының көлемiн сәйкесiнше 110 Гкал/сағ және 120 МВт/сағ арттыруға мүмкiндiк бередi», - дейдi әкiм орынбасары.
Сонымен қатар, Қ.Айтмұхаметовтың айтуынша, «Астана Жылу транзитi» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 12 км жылу желiсi қайта жөнделдi және иесiз жатқан 7 км жылу желiсi қалпына келтiрiлдi.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өткен жылы 4 және 5 қосылымдардың құрылысы басталды. Бұл жоба тұрғын үй құрылысы жүрiп жатқан аудандар, ЭКСПО-2017 нысандары және жаңа темржол бекетi аумақтарын жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында «Астана-АЭК» АҚ 56 жылу тарату бекетi мен 78 км әуе электр желiсiне күрделi жөндеу және 35,2 км электр желiсіне қайта жөндеу жүргiздi. Қабылданған шаралар электр желiлерiндегi шығынды 13,9%-дан 12%-ға төмендетуге мүмкiндiк бердi», - дейдi Қ.Айтмұхаметов.
«Жобаның жүзеге асуы басынан бері су қыздыру қазандықтары мен № 2 түтін құбырының монтажы аяқталды. Сондай-ақ, подъездік темір жол мен автожолдар салынды. ЖЭО-3 жұмысына инженерлік жүйелер мен әкімшілік-тұрмыстық корпус қатысады», - деді ол.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр