• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметов: Өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар біріктіріледі

С.Ахметов: Өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар біріктіріледі

13 Қараша, 2013 14:45
ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлы отырсында Үкімет өңірлік дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктіруді жоспарлап отыр деп мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Үкімет өз жұмысын атқарып жатыр. Бүгінде 46 бағдарламаға тексеріс жүргізілуде, олардың 5-еуі мемлекеттік, 41-і салалық бағдарлама», - деді С.Ахметов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында.

Қазіргі таңда Үкімет оларды біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Бұл өз кезегінде көптеген бағдарламалардың қысқаруына алып келеді. Осы мәселе бойынша белгілі бір ұсыныстар да бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бірінші кезекте әлеуметтік бағыттағы оңтайландыру критерийлерін, сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін артуын анықтаймыз», - деді министрлер кабинетінің төрағасы.

«Жоспар бойынша белгілі сала бағдарламалары өзара бірдей бағыттағы бағдарламаға біріктірілмек. Мысалға, өңірлік даму аясында алты салалық бағдарламаны біріктіруге болады. Соның ішінде «Ақ бұлақ», «Моноқалаларды дамыту», «Қолжетімді баспана», «ТКШ жаңғырту» және басқалар», - деді Үкімет басшысы.

«Өңірлік даму министрлігі бір ірі өңірлік даму бағдарламасы аясында бюджеттік қаржыландыру үшін осы бағдарламаларды біріктіру мүмкіндіктері қарастырылуда», - деді С.Ахметов.

«Қазірде аталмыш бағыттағы жұмыстар депутаттардың мақұлдауын алғаннан кейін қараша, желтоқсан айларында аяқталады. Сосын біз Мемлекет басшысына нақты ұсыныстар айтылмақ»,- деді С.Ахметов.

 

 

Барлық жаңалықтар