- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Охлопкова: Сайлаудағы бақылаушылардың рөлі – қоғамдық сенімге ие болу
Т.Охлопкова: Сайлаудағы бақылаушылардың рөлі – қоғамдық сенімге ие болу
«Сайлауда қоғамдық сенімге ие болуда бақылаушылардың рөлі ерекше. Қазақстан үшін бақылаушылардың қызметі әлемдік қауымдастыққа түсінікті әрі ашық болу өте маңызды. Сол үшін біз президенттік, парламенттік сайлауларға және республикалық референдумдарға халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерін шақырамыз»,-деді Т.Охлопкова.
ҚР ОСК мүшесінің ақпаратынша, 1995 жылдан бері ҚР-ы 8830 халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің қызмет етуіне толық жағдай жасаған.
«2015 жылдың 26 сәуірінде өткен президенттік сайлауда 1 024 халықаралық бақылаушы мен шетел БАҚ өкілдері аккредиттелген. Ал, сайлау күні 31 мыңнан астам қазақстандық және халықаралық бақылаушылар, шетел БАҚ өкілдері және кандидаттардың сенімді өкілдері бақылау жасады»,-деп атап өтті Т.Охлопкова.
Еске сала кетейік, ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депуттарын сайлау биылғы жылдың 20 наурызына белгіленгеннен кейін, ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың атынан 18 мемлекеттің орталық сайлау органдарының бірінші басшыларына шақырту жіберілді. Олардың қатарында ТМД, сондай-ақ, Грузия, Латвия, Литва, Эстония, Индия, Корея, Малайзия мен Моңғолия бар. Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыртуы жіберілген 112 мемлекеттің аясында 11 халықаралық ұйым бар.
Ботагөз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек