• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда жергілікті өсімді қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу мәселелсі бойынша комиссия құрылды

Алматыда жергілікті өсімді қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу мәселелсі бойынша комиссия құрылды

10 Ақпан, 2016 20:08
Алматыда мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің бірлескен әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өсімді қамту бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін комиссия құрылды, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Комиссияның алғашқы отырысы отандық тауар өндірушілердің денсаулық сақтау саласына қатысуы мәселелеріне арналды. Аталмыш шараға Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен оның қарамағындағы мекемелер алматылық тауар өндіруші және мемлекеттік сатып алу бойынша бас оператор ретінде қатысты.   

«Жергілікті билікпен кездесудің қорытындысы бойынша, тауарөндірушілер мен медициналық мекемелер арасында тауар сатып алғанда және басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетуде қазақстандық қамтуды ұлғайту жөнінде келісім жасалды. Басқосудың қорытындысы бойынша, отандық тауар өндірушілер мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік сатып алу механизмін барынша нақты дамытуды құрылған комиссия қолға алатын болды», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, комиссия бірінші жарты жылдықтың соңына дейін мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша құрылыс, энергетика, білім және тағы басқа да сала мамандарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Барлық жаңалықтар