КО елдері бойынша сот жүйесін сәйкестендіру жүзеге аспады – А. Смолин

13 Қараша, 2013 14:34
КО елдері бойынша сот жүйесін сәйкестендіру жүзеге аспады, деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан қазылар кеңесінің төрағасы А. Смолин.

«Соттық жүйеде сәйкестендіру жоқ. Бізде де Кедендік Одақ құрылғандықтан, Минск қаласында арнайы сот құрылды. Оған 3 мемлекеттің де өкілдері кірді. Біздің мемлекеттен ол жақта 2 өкіл бар, ол Жоғарғы соттың бұрыңғы судьясы мен ЖС бұрыңғы төрағасы. Олар КО бойынша туындайтын даулы сұрақтардың барлығын қарастырады», - деді А. Смолин.

Осы орайда А. Смолиннің айтуынша, соттық жүйе бірегейлендірілмеген.

Ол атап өткендей, біз КО құрамына кіргендіктен, Қылмыстық кодекстің  209 бабы «Экономикалық контрабанды» бойынша заңнама қайта құрастырылды.

«Енді 3 мемлекеттің кедендік шекарасы бойынша тасымалданған тауарлар қылмыстық  істі құрамайды», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар