Д. Айтышев: Жаңа депутаттар ел әлеуетін одан әрі дамытуы керек

10 Ақпан, 2016 11:04
Жаңа депутаттар ел әлеуетін одан әрі дамытатын мехинизмге айналуы керек. «Қазақстан-2050» Старегиясын жүзеге асыратын ортақ мақсатты іске асырулары керек. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Данияр Айтышев Srategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Барша қауым Парламент Мәжілісі депутаттарының  V шақырылымының  депутаттарын тарату  мен мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы хабардар. Бұл тарихи мәнге ие оқиға. Өмірде де қарапайым адамдар эстафетаны өзгеге тапсыратын кез келеді. Саяси деңгейде де ол шара жүзеге асады. Парламенттің қазіргі құрамы елді қолдау үшін барлық шараны жүзеге асырды. Владислав Косаревтің Парламент Мәжілісі тарихи миссиясын орындады, енді жаңа кезеңге көшу қажет екендігін айтқан болатын», - деді ол.

Д.Айтышев айтып өткендей, аталмыш шешім «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру кезеңінде өте маңызды.

«Реформалардың бірінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен аппаратты дамыту қарастырылған. Парламент қойылған мақсаттар бойынша бағыт алуда, ол құрам жаңарған соң жүзеге асады. Жаңа депутаттардың келуімен жаңа идеялар, тың әдістер келеді», - деді ол.

Сондай-ақ, жасотандықтың айтуынша, жаңа депутаттар ел әлеуетін  одан әрі дамытатын мехинизмге айналуы керек. «Қазақстан-2050» Старегиясын жүзеге асыратын ортақ мақсатты  іске асырулары керек.

Айта кетейік, Елбасы Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын  20 наурызда  өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

Индира Кауметова 

Сурет жеке мұрағаттан алынды

Барлық жаңалықтар