• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Қарағұсова: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударылды

Г.Қарағұсова: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударылды

10 Ақпан, 2016 10:34
Қазақстан халқына жолданған Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударылды, деп ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты Гүлжан Қарағұсова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Президент әлеуметтік салаға баса назар аударды. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік-қамқорлыққа алынған адамдарды қолдау болып табылады, ол сондай-ақ мекен-жайлық  болып келеді. Біздің қоғам жалпыға бірдей еңбек қоғамы болып саналады. Менің ойымша, әлеуметтік қызмет көрсету бағытында өте үлкен қолдау мұғалімдер, денсаулық сақтау саласында жалақысын арттыру сияқты жұмыстарға бағытталған»,-деді Гүлжан Қарағұсова.

Депутат  Жолдаудағы негізгі бағытты айтып өтті- кәсіби-техникалық білімді тегін беру.

«Әрбір азамат алдағы уақытта  өзінің бірінші мамандығын тегін оқи алады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 2015 жылдың 30 қараша айында Н.Назарбаев халқына арнаған жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім алу» бағдарламасы жүзеге асатындығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар