- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ондаған кәсіпорындары жұмысқа жас мамандарды алуға дайын
Қазақстанның ондаған кәсіпорындары жұмысқа жас мамандарды алуға дайын
Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде осындай мүмкіндік беретін үшжақты меморандумға қол қойылды. Оған қатысушылар - «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы мен «Жасыл ел» жасағы. «Сәтті қадам» жобасы - жас мамандардың мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналасуына жағдай жасап отыр.
«Ең басты біз назар аударып отырған ол ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастарға, жартылай жетім немесе жетім балаларға назар аудару», - деді «Жас Отан» ЖҚ ОФ төрағасының орынбасары Әлия Байғанысова.
Сондай-ақ, атыраулық жастардың саяси ұйымы да биылғы оқу жылында жиырмаға тарта жұмыс берушімен арнайы меморандумға отырмақ. Бұл жолы ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға назар аударылмақ. Бүгін ірі компаниялардың өкілдері болашақ мамандармен кездесіп, арнайы келісімшарттарға қол қойды.
«Жиырмаға жуық мекемемен оның ішінде ірі кәсіпорындар бар, мұнай компаниялары бар және мемлекеттік мекемелер бар осылармен арнайы меморандумға отырамыз деген ойдамыз барлығымен келісіп отырмыз», - деді «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов.
Айта кетейік, «Сәтті қадам» Өскеменде де сәтті жүзеге асырылып отыр. Биыл 200 ге жуық түлекті қаладағы ірі 4 кәсіпорын жұмысқа қабылдайтын болды. Жас мамандардың барлығы - әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін жастар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері