- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы серіктестік бағдарламасына қатысуға 50-ден астам өтінім келіп түсті
ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы серіктестік бағдарламасына қатысуға 50-ден астам өтінім келіп түсті
«Өткен жылдың күзінде біз Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойған болатынбыз. Соның негізінде инженерлік жүйе, жол құрылысы, транспорттық инфрақұрылым, қалалық және қоғамдық көлік, туризмнің дамуы, тағы да басқа көптеген мәселелер қаралды», - деді ұлттық компания басшысы А.Есімов.
Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, шешеді. А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардың күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бәрі орындалып жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменің ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердің саны 100-ге жететініне сенім білдірді.
Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, ЭКСПО өткен кезде басты жүктеме көлік басқару жүйесіне түседі. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың көлік-логистикалық инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бірыңғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, Қазақстанда алғаш рет Көлік ағынын басқару орталығы енгізіліп жатыр, тұрақ кеңістігін басқару жүйесін кешенді құру мәселесі қаралуда, интеллектуалды көлік жүйесін (ITS) енгізу жұмыстары қолға алынды және т.б. Н. Әлиевтің сөзіне қарағанда, осы мәселені кешенді түрде шешу елорданың көлік-логистикалық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес құруға мүмкіндік береді. Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, көрме қонақтарын орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру, іс-шаралар күнтізбесі, волонтерлар жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелерге тоқталды.
Қала әкімдігі қызмет көрсету саласында сапаны арттыру бойынша жұмыстарға айырықша назар аударады. Бүгінгі таңда ұлттық компаниямен бірлесе «ЭКСПО ұсынады» Астана қаласының серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Қазіргі кезде серіктестік бағдарламаға қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті», - деді Н. Әлиев. Оның айтуынша, бағдарламаға қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік қызметтерін ұсынатын компаниялар мен турфирмалар қатысады.
Кеңес соңында елорда әкімі бірлесіп жұмыс істеудің және барлық бағыттар бойынша өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.
«Қала үшін ЭКСПО халықаралық көрмесі маңызды емтихан болып табылады, оның үстіне бұл елордамыздың тыныс-тіршілігінің барлық саласының дамуына қосымша серпін береді. Көрмеге де, Астанаға да қызығушылықтың ұдайы артып отырғаны байқалады. Бүгінде барлық қалалық құрылымдардың басты міндеті – қаланы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау» - деді Ә. Жақсыбеков.
А.Есімов, өз кезегінде, Астана үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың шешуші кезеңі басталғанын атап өтті. Ұлттық компанияның басқарма төрағасының айтуынша, 1 қарашадан бастап барлық павильондар тапсырылуы тиіс.
«Астанада көптеген маңызды халықаралық шаралар өткізілді, бірақ олар 2-3 күнге ғана жалғасатын. ЭКСПО көрмесі 93 күн бойы өтеді, және бұл қаланың барлық инфрақұрылымына салмақ түсірмек, бәріміз де бұған дайын болуымыз керек», - деді А. Есімов.
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру барысында атқарылатын жұмысты күшейтуге келісті, сондай-ақ, осындай жиындарды тұрақты түрде өткізетіндігін айтты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады