Ақтөбе облысында 2 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды

9 Ақпан, 2016 19:49
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 2 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл жөнінде Әйтеке би ауданының әкімі Аманғали Бердалин «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

Оның айтуы бойынша, екі ауылдық округте-Аралтоғай мен Аралтобы- Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы коперативтерін  құру бойынша пилоттық жобаға енеді.

«Қазіргі танда әкімнің берген тапсырмасы бойынша жеке тауарлық шаруашылықтарды біріктір жұмыстарын, жеке холдингтер мен ірі кооперативтерге ауыл шаруашылығының топтарын біріктіру бойынша жұмыстарын атқарудамыз»,-деді А.Бердалин.

Осылайша, Аралтоғай ауылдық округінде 600-ден астам ірі қара мал басы бар  200-250-ден астам жергілікті тұрғындар бірлеседі. Аралтөбе ауылдық округінде бес ауыл шаруашылығы кооперативтері бір ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірікпек.

Жалпы 2015 жылы 14 млрд теңге көлемінде ауданда ауылшаруашылық өнімдері шығарылды, азық-түлікпен қамтамасыз ету 85 пайызды құрады.

Барлық жаңалықтар