- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың Интеллектуалды байланыс орталы қолайсыз метеожағдайлар туралы хабарлама таратады
Астананың Интеллектуалды байланыс орталы қолайсыз метеожағдайлар туралы хабарлама таратады
Бұрын хабарланғандай, Астана қаласының Интеллектуалды байланыс орталығы өтінімдерді үш тәсілмен қабылдайды және хабарламалар жолдайды: «Smart Astana» мобильдік қосымшасы, «Facebook» , «Instagram» және «Twitter» әлеуметтік желілеріндегі «Astana 109» ресми парақшалар арқылы, сондай-ақ қалалық және мобильдік телефондардан «109» нөміріне тегін қоңыраулар.
Осылайша, 2016 жылғы қаңтарда Интеллектуалды байланыс орталығы 64 230 өтінімді өңдеді, оның ішінде, 27 035-і операторларға келіп түскен қоңырау, 37 195 өтінім бойынша автоматты түрде маңызды ақпарат ұсынылды (IVR).
Бір айдың ішінде әлеуметтік желілерде «Astana 109» парақшалары 12 мыңнан астам адам жазылды.
Бұдан бөлек, биыл қаңтар айында байланыс орталығы «Facebook» және «Instagram» желілерінде #astana109 хэштегін белгілей отырып, азық-түлік бағаларының негізсіз өсуі туралы хабарлауды ұсынды. Халық көрсеткен фактілер Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасына жіберіледі. Аталған мекеме әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдерінің орташа өлшенген құнын анықтау арқылы күнделікті мониторинг жүргізеді – Астана қаласының ірі және орта сауда нысандарындағы азық-түлік тауарлары бағасының ең төмен және ең жоғары мәндерін көрсетеді.
Енді, ақпан айында Интеллектуалды байланыс орталығы қала тұрғындарына ауа-райының қолайсыздығы (Астана қ. ТЖД), тас жолдардың жабылуы мен ашылуы (Астана қ. ІІД), оқу орындарында сабақтың болмауы туралы (Астана қ. Білім басқармасынан) маңызды ақпаратты уақтылы біліп отыруды ұсынады.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «051-қызметі» ММ базасындағы Астана қаласының Интеллектуалды байланыс орталығы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл елорда тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы барлық өтінімдерін қабылдайтын орталық.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы