- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков: Елорданың дағдарысқа қарсы басты шарасы – ШОБ-ты дамыту
Ә.Жақсыбеков: Елорданың дағдарысқа қарсы басты шарасы – ШОБ-ты дамыту
«Астана қаласы 2015 жылдан бастап республикалық бюджеттің төрт донорының бірі болып отыр. Мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс 850 млрд теңгеден асты. Астана қаласының өз кірісі бүгінде 200 млрд теңгені құрайды. Жергілікті бюджет кірістерінің 90 пайызы салық түсімдерінен құралады. Бұл ретте Астананың кірістерін шоғырландыру жоспары маңызды рөл атқарды. Жергілікті бюджеттік кіріс бөлігін ұлғайту мүмкіндіктері де қаралды», - деді Ә.Жақсыбеков.
Оның айтуынша, жыл сайын Астанаға салынатын инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Бұдан бөлек, Астана басшысы бизнеске қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
«Біздің қала шағын және орта бизнеске бағдарланған. Сондықтан кәсіпкерлерге жағдай жасау керек. Бизнес пен мемлекеттің мүддесі де назарға алынуы қажет. Әр қызметкер кәсіпкердің жұмыс беріп отырған адам екенін түсінуі тиіс. Салық инспекторы немесе мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары сауатты болып, бизнесмендерге жау секілді қарамағаны жөн», - деді ол.
Астана әкімі көлеңкелі экономикамен күрес мәселесіне де көңіл бөлді.
«Департаменттің жанында экономикалық тексерістер қызметі жұмыс істейді. Көлеңкелі экономикамен күрес бойынша кешенді жоспар бар. Жаңа жылдан бастап бірқатар жаңа заң күшіне енді. Басқа құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасай отырып, жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру маңызды», - деді Ә.Жақсыбеков.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары