• Басты
  • Жаңалықтар
  • СБРҚК Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізудің ашықтығын қадағалайтын болады

СБРҚК Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізудің ашықтығын қадағалайтын болады

9 Ақпан, 2016 17:21
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының «Қазақстан Республикасында сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (СБРҚК) Төрағасы Н. Ерімбетовпен кездесуі болды, деп хабарлады ОСК.

Кездесуге сондай-ақ СБРҚК Штабының Басшысы А. Серікбаев және ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев қатысты.

Ортсайлауком Басшысы СБКҚБ өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды өткізуге дайындық жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырды.

«Сайлау процесін байқауды жүзеге асыратын ұйымдармен ынтымақтастық - сайлау науқанының жариялы әрі ашық ахуалын қамтамасыз ету жөніндегі Ортсайлауком қызметінің бағыттарының бірі болып табылады» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

СБРҚК Төрағасы байқаушылардың Ортсайлауком мүшелерімен және сайлау органдарымен ынтымақтасуы тығыз әрі пайдалы болатынына сенім білдірді.

«Біздің қызметіміз сайлау процесінің айқындығын, сайлаушылардың өз қалауын еркін білдіруін, сондай-ақ сайлау науқанына барлық қатысушылар үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған» - деді Н. Ерімбетов.

«Біздің өзара іс-қимыл тәжірибеміз бар. СБРҚК сарапшыларының заң бұзушылықтар туралы бізді жедел ақпараттандыруы маңызды, ол бізге уақтылы әрекет жасауға, сондай-ақ алдағы уақытта оларды болдырмау шараларын пысықтауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті  Қ. Тұрғанқұлов.  

 

Барлық жаңалықтар