- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде Қазақстандағы әскери полигонға жалға берілген жерге қатысты келісімге өзгерістер қаралды
Сенат комитетінде Қазақстандағы әскери полигонға жалға берілген жерге қатысты келісімге өзгерістер қаралды
Құжатпен Келісім мәтініне және Келісімге Қосымшаға полигонның Ресей тарабы жалға алатын жер учаскелерін қысқартуды, маусымды ауыл шаруашылық және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде полигон аумағы учаскелерін Қазақстан тарабының пайдалану тәртібін, сондай-ақ табиғи зілзалаларды жою кезінде көмек көрсетуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Хаттаманы ратификациялау жалдаудан шығарылатын жер учаскелерін ескере отырып, полигонды одан әрі пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, комитет отырысында Ресейдің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екі ел үкіметтері арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы да қаралды.
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған Хаттаманы ратификациялау жер учаскелері алаңдарының қысқаруына байланысты орталықтың жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысының күні мен сомасын айқындау мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді. Шартқа жасалған өзгерістер сондай-ақ полигонды жыл сайынғы жалдау мерзімдерінің басталу уақытын да анықтайды. Заң жобалары Палата отырысына жіберілді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады