• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 469,4 млрд теңгенің 61 мыңнан астам нысаны мен құнды қағаздары заңдастырылды

Қазақстанда 469,4 млрд теңгенің 61 мыңнан астам нысаны мен құнды қағаздары заңдастырылды

9 Ақпан, 2016 18:57
Қазақстанда 2016 жылдың 8 ақпандағы жағдай бойынша 469,4 млрд теңгеге 61 180 нысан мен құнды қағаздар заңдастырылды, деп ҚР Қаржы министрлігі хабарлайды.

ҚР аумағында тұрған мүліктерді заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы мен мемлекеттік кіріс органдарына 768,6 млрд теңге көлемінде мүлікті талқылау бойынша 76 518 өтініш түсті: соммасы 578,6 млрд. теңгеге  64 129 тұрғын үй нысандары; сомасы 181,0 млрд. теңгеге 32 958 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 7 803 млрд.теңгеге 128,0 коммерциялық объект;  сомасы 5,0 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 26 қатысу үлесі; сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. 61 180 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 469,4 млрд. теңгеге жария етілді.

Қоытындылай келгенде 61 180 нысана 469,4 млрд теңгеге заңдастырылды.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 177,9 млн тенге құрайтын 42 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті. Сомасы 1105,9 млн. тг құрайтын 36 тұрғын үй объекті;  сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті; сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі; 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар; Сомасы 1 125,4 млн. теңгеге 41 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 05.02.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 182,5 млрд.теңге ақшаны жария етуге  281  жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  92,2 млрд.теңге) оның ішінде жария етілгені 132,0  млрд. теңге , соның ішінде:

Оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  (2015 жылы 30 қарашаға дейін)  179 жинақ шотын ашу арқылы;

51,1 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 50 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша декларация түскен жоқ.

 

 

Барлық жаңалықтар