• Басты
  • Жаңалықтар
  • «КазАгро» Холдингі 2016 жылы көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына 60 млрд. теңге бөледі

«КазАгро» Холдингі 2016 жылы көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына 60 млрд. теңге бөледі

9 Ақпан, 2016 16:23
«КазАгро» Холдингі 2016 жылы көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына 60 млрд. теңге бөледі, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы Нұрлыбек Малелов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Биылғы жылға «КазАгро» холдингіне көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру үшін 60 млрд. теңге бюджеттік несие берілді. Бұл қарыз есебінде холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктерге жобалап бөлінеді. Бұндай қаржыландыру жүйесі холдингте осымен үшінші жыл қолданылып отыр», деді Н. Малелов.

Оның айтуынша, АӨК-н қол жетімді несие жүйесімен құрылымдау банк қоры арқылы, несие серіктестігі, лизингтік компания және басқада қаржы институттары мен АӨК несиелейтін ұйымдар арқылы жүзеге асыру холдингтің негізгі қызметі.    

«Шаруа қожалық иелері бірқатар қаржыландыру құралдарын пайдалана алады. Бірінші – екінші деңгейлі банк арқылы несиелендіру. Ауылшаруашылық тауарын өндіруші 7,41 пайыздық мөлшермен несие ала алады. Бұл әдіс осымен үшінші жыл қолданылуда. Екінші – екінші деңгейлі банк кепілдігімен аймақтардағы холдингтің еншілес Аграрлық несие корпорациясы арқылы  несиелендіру. Бұл орайда несиелендіру шаруа қожалықтарына жылдық 5 пайыздық мөлшерде жасалады»,-деді холдинг басшысы. 

Сондай-ақ, шаруашылықтар аграрлық несие корпорациялары негізінде несие серіктестері мен микроқаржы ұйымдары арқылы да несие ала алады. Онда несиенің үстеме мөлшері 9 пайызды құрайтын болады.

Барлық жаңалықтар