• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да соңғы жылы сот этикасына байланысты судьялардың үстінен түскен шағым саны 3,2 пайызға қысқарды- А. Смолин

ҚР-да соңғы жылы сот этикасына байланысты судьялардың үстінен түскен шағым саны 3,2 пайызға қысқарды- А. Смолин

13 Қараша, 2013 13:13
Қазақстанда соңғы жылы сот этикасына байланысты судьялардың үстінен түскен шағым саны 3,2 пайызға қысқарды, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстанның Қазылар кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин мәлімдеді.

«Судьялар кеңесі сот қауымдастығындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы жылы сот этикасына байланысты судьялардың үстінен түсетін шағымдар саны 3,2%-ға қысқарғанын атап өткім келеді. Осы жылы сот этикасы жөніндегі комиссия 39 судьяны жазалады», - деді Смолин. 

Комиссия қарауына келіп түскен шағымдардың жалпы саны 680 болса, оның ішінде 370 анонимдік арыз, ал 270 шағым іс жүзінде расталмаған. 

«Сыбайлас жемқорлық пен сот этикасының орындалмауы мәселелері әрдайым біздің ерекше назарымызда», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, аталмыш айналым бойынша Орталық кеңес 100 шара өткізген. Оның маңыздысы 11 елдің өкілі қатысатын  әкімшілік әділет жайында өткен  ғылыми-тәжірибелік конференция болып табылады.

«Шетелдік тәжірибені қолдана отырып, әкімшілік заңнаманы халықаралық пішінге келтіру сұрақтарын талқыладық», - деді А. Смолин.

 

Барлық жаңалықтар