ҚР ОСК депутаттардың сайлауын өткізу бойынша 400 оқыту семинарын өткізді

9 Ақпан, 2016 16:05
ҚР ОСК депутаттардың сайлауын өткізу бойынша 407 оқыту семинарын өткізді, деп ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОСК өткен брифингте айтып өтті.

«Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясы мен өңірлік сайлау комиссиялары  сайлауды өткізу  бойынша  407  оқыту семинарын өткізді», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, жақын уақытта БАҚ-қа арналған 2 республикалық семинар өткізілді. Саяси партиялар үшін де насихаттау шарасы туралы жиын жүзеге асты.

«Сондай-ақ, тағы 573 семинарды облы, аудан, қала деңгейінде өткізу қарастырылған», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар