• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ОСК депутаттыққа үміткерлерді тіркеу барысында сайлау заңын бұзу байқалмады

ҚР ОСК депутаттыққа үміткерлерді тіркеу барысында сайлау заңын бұзу байқалмады

9 Ақпан, 2016 15:49
Парламент Мәжілісіне партиялардың кандидаттарды ұсыну кезеңi аяқталды. Аталмыш шара барысында ешқандай бұзушылық белгіленген жоқ, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОСК-дағы брифингте.

«Бүгiн Орталық сайлау комиссиясы 20 күндiк жұмысын қорытындылап отыр. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын ҚР парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталды», - дейдi Қ.Тұрғанқұлов.

ОСК төрағасының айтуынша, кандидаттарды ұсыну бойынша барлық iс-шаралар Конституцияға және сайлау заңнамасына толық сәйкестiкте өттi.

Жалпы ОСК-да 6 партиялық тізім бекітілді: «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партия, «Ауыл» коммунистік халықтық партиясы, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы,  «Бірлік» саяси партиясы мен Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы.

«Қазіргі таңда сайлау кампаниясының екінші кампаниясы өтуде – бұл тіркеу кезеңі, ол 19 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі таңда  «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», ҚХКП партиялық тізімдері тіркелді. Олар 203 кандидаттан құралған, 10 ұлт өкілін қамтиды. Тіркелгендердің  79,9 % - ерлер,  20,1 – әйелдер», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар