- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының отырысы өтті
Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының отырысы өтті
Отырыс жұмысына ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының мүшелері, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар комитетінің басшылары мен жауапты қызметкерлері, әкім орынбасарлары және облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаментерінің бастықтары, «Қазгидромет» РМК-ның, Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясымен құрылтайланған Корпоративті қоры гидрология өңірлік орталығының, Сейсмология институтының, Қазақстан Республикасы География институтының өкілдері қатысты.
Отырыста қар құрсауында төтенше жағдайларды жою кезінде қабылданатын шаралар және ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы, сел және сейсмикалық құбылыстарды болжау және олардың алдын алу туралы ұсыныстар, Алматы қаласы аумағында және іргелес елді мекендерде қатты және жойқын жер сілкіністерінің алдын алу бойынша сейсмикалық полигондарды құру туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында 2015 жылғы желтоқсан айы мен 2016 жылғы қаңтар айында жолдардағы ТЖ-ны жою, басқару органдарының, Азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті полицияның авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуге ден қою әзірлігі, адамдардың қаза болуын болдыртпау бойынша шаралар қабылдау және қысқы кезең ТЖ-дан нұқсанды барынша азайту мәселелеріне талдау жүргізілді.
Аномальді ауа-райына байланысты 2015 жылғы желтоқсан айы мен 2016 жылғы қаңтар айында еліміздің автожолдарында кенеттен жағдай ушығып кетті және еліміздің солтүстік өңірлерінде құтқару операциялары жүргізілді. 2015 жылғы 28 желтоқсаннан ағымдағы жылғы 5 қаңтар аралығында еліміздің Орталық, Шығыс және Батыс аймақтарында қар басуына байланысты автомобильдік кептеліс көп орын алды.
Авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары бойынша күштер мен құралдарды үйлестіру үшін Төтенше жағдайлар комитетінде тәуліктік тәртіпте республикалық жедел штаб жұмыс жасады. 2015-2016 жылдардың өткен бөлігінде республикамыздың автожолдарында 190-нан астам рет жол жабылған болатын. Құтқару бөлімшелері 4882 адам мен 1504 автомобиль техникасын құтқарып, эвакуациялады.
Барлық автомобиль техникасы қар құрсауынан шығарылды, азаматтар көп жағдайда жылыту пункттеріне жеткізілді. Ауарайы жақсарған кезде жол полициясы азаматтарды белгіленген жерлеріне жіберді.
Ауа райы жағдайының бұзылуы туралы халықты құлақтандыру үшін ТЖД жедел кезекшілерімен күнделікті жол қозғалысына шек қойылуы және автомобиль жолдарының жабылуы туралы СМС-тарату жүргізілді. Мәселен, қыс мезгілінің өткен бөлігінде ұялы байланыс абонеттерінің 12,5 млн. астамы қамтылып, еліміздің аумағында ауарайының өзгеруі және жолдарда қозғалыстың жабылуы туралы ескертуге байланысты 2536 СМС хабарлама таратылды.
Отырыста республикалық жол-пайдалану қызметтерін инженерлік және қар тазалағыш техникасымен қамтамасыз ету, «Отау ТВ» желісінде телевизиялық арналарды жол-жөнекей ұстау жүйесін ендіру, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, қармен бөгелетін учаскелерді қалқандармен қоршау жабдығымен жабдықтау іс-шаралар мәселелері де қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттама әзірленді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары