• Басты
  • С.Оразалы: «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы – бұл айтылған сөздің жүзеге асуы
9 Ақпан, 2016 14:47

С.Оразалы: «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы – бұл айтылған сөздің жүзеге асуы

С.Оразалы: «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы – бұл айтылған сөздің жүзеге  асуы | Strategy2050.kz

Мемлекеттің дамуына, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған істер аз емес екен. Жоспарланған бағдарламалардың біразы іске асыпты. Сондағы өз көңіліме жаққан «Нұрлы жол» бағдарламасы. Жол – елдің, мемлекеттің бойындағы күре тамыры іспеттес. Мына алып даламыздың барша қиырына бөгетсіз жүріп жатсақ, ол экономиканы да, мәдениетті де, елдің бірлігін де нығайтады, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы.

«Небір ықылым замандардан бері мың өліп, мың тірілген халқымыз аштық пен тоқтыққа, барлық пен жоқтыққа өзінің сайын даласы тәрізді шыдамдылық пен кең пейліділігімен төзіп келген. Әлемді тоздырып, небір жат пиғыл мен ашқарақтықты қоздырып, қара тұмандай қаптап келе жатқан  дағдарыс атты пәленің аты шыққалы бері талай жылдың жүзі болса да, біздің халқымыз етек-жеңін жинамай алқам-салқам күйінде жүре берер ме еді, қайтер еді. Бірақ, өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басы жайсыз қыстың боранындай ұйқы-тұйқымызды шығарды. Теңге құлдырап, дүние қымбаттап, абыржығын жұрт түсініксіз күй кешті. Елдің елдігі, ердің ерлігі осындай сәтте сыналса керек. Қашан да алдын ерте болжайтын Елбасы Н.Назарбаев халқына шығар жолын нұсқап, өзінің Ұлт жоспары «100 нақты қадам» атты жүз нақты шешімін ұсынды. Бақыт та, байлық та өзі келмейді. Қандай қиыншылық болсын бүкіл халық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал болмайды, деп өткінші нәубеттен бірер жылда қиналмай өтіп кететінімізге сенім ұялатты. Өткен жылы не істелді, не істелмеді, нәтижесі қандай, алға қалай жылжимыз, деген сияқты сұрақтардың жауабын Президенттің «Нұр Отан» партиясының съезіндегі сөзінен таптым. Мемлекеттің дамуына, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған істер аз емес екен. Жоспарланған бағдарламалардың біразы іске асыпты. Сондағы өз көңіліме жаққан «Нұрлы жол» бағдарламасы. Жол – елдің, мемлекеттің бойындағы күре тамыры іспеттес. Мына алып даламыздың барша қиырына бөгетсіз жүріп жатсақ, ол экономиканы да, мәдениетті де, елдің бірлігін де нығайтады. Сондықтан, «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы – бұл сөздің іске асуы деген сөз. Өткен 2015 жылы елімізде 500 шақырым автомобиль жолы салынып, оған бөлінген қаржы 93 пайызға игеріліпті. Бұл тым жақсы көрсеткіш. Басқа салалар да осылай дамыса құба-құп. Тек бойға сіңген көпірме сөз бен артық мақтаннан арылып, іскерлік пен табандылық көрсетіп, ел мүддесіне адалдық танытып жатсақ, ешкімнен кем болмайтынымыз анық»,- дейді жазушы.

Сонымен қатар, ол алдымызда тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы келе жатыр. Тәуелсіздің бәріміздің сүйенер, тәу етер қорғар үйіміз. Мынау құйындай ұйытқыған әлемде тырнақтылар мен тістілердің, қаруы көп күштілердің шылауында кетпес үшін, құйысқанымыз берік, бағдар шамымыз жарық бола берсін, деп түйіндеді сөзін. 

Қанат Тұраров 

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды