- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің танкішілері мотоқор мен оқ-дәрілерді үнемдейтін тренажерларда оқып-үйренуде (ФОТО)
ҚР ҚК-нің танкішілері мотоқор мен оқ-дәрілерді үнемдейтін тренажерларда оқып-үйренуде (ФОТО)
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 10810 әскери бөлімінің жарақтандыруында Т-72 танкісі экипажының топтық тренажеры тұр. Онда танкіші әскери қызметшілер оқып-үйренеді және бірлескен жаттықтыруларды өткізеді. Сонымен, Т-72Б танкісінің экипажы танк командирі, көздеуші оператор және механик-жүргізуші құрамында оқу сыныбында әртүрлі жаттығуларды, яғни, жауынгерлік жағдайларда оқ ату, тактика элементтері барысында бірлескен іс-қимыл дағдысын пысықтайды. Т-72Б танкі экипажы тренажерының мүмкіндіктерінің арасында орналастыруды зерделеу мен басқару органдарын, бақылау және көздеу аспаптарын пайдалану, нысананы көзбен шолып барлауды жүргізу бойынша операцияларды пысықтау, атысты жүргізу.
Аталмыш тренажердың ерекшелігі мен басымдылығы мотокор мен әртүрлі оқ-дәрілерді шығындамай-ақ іс-қимылдарды пысықтау болып табылады. Т-72Б танкісінің механик-жүргізушілер осы тренажерда оқып-үйренеді. Олар әртүрлі жағдайларда жауынгерлік машинаны басқаруға жаттығады.
Әскери қызметшілер әртүрлі тәсілдермен дайындық пен қозғалтқышты іске қосуды, жүргізу элементтерін, яғни, орнынан қозғалу, аялдау, қозғалтқышты іске қосу, сондай-ақ мотоқорды жұмсамай жасанды және табиғи кедергілерді еңсеруді пысықтайды. Осы әскери бөлімнің танкіші әскери қызметшілері Қазақстанның Қарулы Күштері арасында ғана емес, сонымен бірге әлем елдерінің армиясы арасында көшбасшы және танкті бөлімшелердің ішінде үздіктердің бірі болып табылатынын айта кетейік. Олар әлемнің әртүрлі елдері арасында негізгі және қосымша қарудың танктерінде орнатылған танкті жүргізу және дәл оқ ату шеберлігінде экипаждар арасындағы сайысқа, яғни, танк биатлонына бірнеше мәрте қатысып, өздерінің кәсіби тұрғыдағы дайындықтарын дәлелдеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді