Таразда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша балабақша салынды

13 Қараша, 2013 14:07
Таразда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша 60 орындық балабақша салынды, деп Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Тараз қаласы «Дорожник» елдімекені аймағынан жақында «Аяулым Айбөпе» жекеменшік балабақшасы ашылды. «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік және жекеменшік серіктестіктердің қаржыландыруы негізінде құрылған орталық өз жұмысын бастап кетті», - деп хабарламада нақтыланған.   

Аталған мектепке дейінгі мекеме заман талабына сай жабдықталған. Екі қабатты зәулім ғимаратта балғындар үшін барлық жағдай жасалған. Бірнеше ойын бөл­мелері, оқу сы­ныптары, му­­зыка, бейнелеу өнері зал­да­ры және басқа да тұрмыстық-қыз­мет­тік бөлмелер бар.

Сондай-ақ, ауладағы ойын алаңына күр­ке­лер орнатылып, құм төгіліп, сырғанау төбелері­мен, әт­кен­шек­тер қойылған. 

Барлық жаңалықтар