• Басты
  • Қ.Айтаханов: Кәсібі мен өндірісі өрге басқан елде келісім мен тұрақтылық салтанат құрады
9 Ақпан, 2016 10:40

Қ.Айтаханов: Кәсібі мен өндірісі өрге басқан елде келісім мен тұрақтылық салтанат құрады

Қ.Айтаханов: Кәсібі мен өндірісі өрге басқан елде келісім мен тұрақтылық салтанат құрады

Бүгінгі күнге дейін шикізат арқылы жағдаймызды жақсартып келдік, енді шикізатқа деген тәуелділіктен арылатын уақыт жетті. Ендігі мәселе экономиканы әртараптандыруымыз керек. Бұл жерде шикізат емес секторды дамыту жұмысы тұр. Яғни, шағын және орта бизнесті дамытуымыз қажет, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов.

««Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елдегі жағдайлар мен мемлекетті одан әрі дамыту бағдарламаларын тілге тиек етіп сөз сөйледі. Онда Елбасы «Нұр Отан» партиясының алдыңғы сайлауында жоспарланған жұмыстардың толық орындалғанын айта келіп, алдағы 2020-2021 жылдарға бағытталған бағдарламаларға тоқталды. Онда бес институцоиналдық реформа мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламаларына ерекше наза аударды. Бұл бағдарламарға байланысты Парламент депутаттарының ұтымды заңдар қабылдағанына рахметін айтты. Онда 59 заң жобасы қабылданған болатын. Ендігі кезекте осы заңдардың іс жүзінде орындалуы мен іске асырылуын қолға алу керектігін де тілге тиек етті. Бұл жоспарларды атқару барлық қазақстандықтардың міндеті екенін және «Нұр Отан» партиясының бұл жұмыстарды жүргізуде басты қозғаушы күш екенін баса айтты. Осындай реформаларды қабылдау арқылы алдымызға қойған мақсаттарымызды айқындап алдық. Енді осы айқындалған мақсатты дамыта орындау керек. Орындаудың екі түрі болады, мәселен жартылай орындау. Оны ары қарай дамытпай қағазбастылыққа салыну. Ең негізгісі әрбір мемлекеттік қызметкер, әрбір қазақстандық және «Нұр Отан» партиясының әрбір мүшесі қабылданған заңдардың барлық баптарын бр кісідей орындаса, мемлекетіміздің тез арада дамуына үлкен серпіліс болар еді. Президент негізгі бес бағытты ерекше атап өтті. Бірінші дағдарысқа қарсы тұрақтандыру, экономикалық тұрғыдан жаңарту, қазақстандықтардың тұрмыс сапасына жаңа стандарт енгізу, конституциялық-патриотизді мемлекет құру және өңірлік тұрақтылық, интеграциялық қауіпсіздік мәселелері. Бұның барлығы Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген. Кешегі ұлт жоспары – біздің арманымыз деген үлкен мақаласы бар. Сол мақалада қабылданған заңдардың қалай орындалуы керектігі толық айтылған»,-дейді сенатор.

«Ең басты мәселе, дағдарысқа қарсы тұрақтандыру. Оның ішінді жұмыссыздықпен күрес мәселесі күн тәртібінде тұр. Дағдарысқа қарсы елдің экономикалық даму қарқыны сәл бәсеңдейтіні заңдылық. Бірақ, өткен жылы біздің экономикамыз 1,5 пайызға артты. Көрші Ресей сияқты мемлекеттердің экономикасы кері қарай кетіп жатқанда біздің даму көрсеткішіміздің бары айтарлықтай көңіл қуантады. Біз жыл сайын 9-10 пайыз өсімге шығатынбыз. Мынандай дағдарыс уақытында 1,5 пайыз болып отыр. Осы экономикалық дағдарысқа байланысты жұмыссыздар санын қысқарту мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру үшін қомақты қаржы қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, үкіметтің резервіне 225 млрд. теңге қарастырып қойғанбыз. Яғни, үкімет Парламентке келмей-ақ, қай жерде жұмыспен қамту мәселелері бойынша қиыншылықтар болса, соны еңсеруге жұмсайтын болады. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 400 мың жаңа жұмыс орыны ашылуы керек. Осы бағдарлама арқылы азаматтарды барынша жұмыспен қамтуға тырысамыз. Алдағы жоспар бойынша елімізде 7 мың шақырым жаңадан салынған жол пайдалануға берілетін болады. Жол дегеніміз ұлттық байлық. Бұл жолдар аз ғана уақытқа емес, 100 жылға жоспарланып салынуда. Мысалы, «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» транзиттік дәлізі біздің ұрпақтарымыз үшін салынып жатқан және экономикамызға тың серпін беретін жолдар. Аталмыш бағдарлама арқылы республиканың барлық аймақтарын байланыстыратын күре жолдар да жаңартылып жатыр. Бұның барлығы келер ұрпақтың игілігі үшін және еліміздің экономикасының қарыштап дамуына өз септігін тигізетін болады. Бұдан бөлек темір жолдар да өз жоспары бойынша салынып жатыр. Үлкен жолдар салынып жатқан жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндік бар. Мәселен, жолаушылар тоқтап тамақтанатын асханалар, қонақүйлер, жанар май құю стансалары, демалыс нысандары мен жолаушыларға басқа да қызмет көрсететін нысандар бой көтереді. Яғни, сол жолдың маңайындағы халықтың кәсіп жасап, нәпақаларын табуларына таптырмас мүмкіндік»,-деп атап өтті. Қ.Айтаханұлы.

Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық саласын дамыту жұмыстары да қолға алынды. Еліміздегі өзін-өзі қаматамасыз етіп отырған халқымыздың басым көпшілігі ауылдағы ағайындар. Соларға қосымша жағдай жасау – ауылды көтерудің негізгі тетігі. Ауылдағы азаматтарды қайта оқытып, маман жетіспей жатқан басқа жаққа жұмысқа орналастыру да күн тәртібіндегі шаруалар. Оларды оқыту тегін болатынын да айта кетейік. Бұл іс қолға алынған негізі, дегенмен алдағы уақытта да дами түсетін болады. Осының барлығы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асырылуы аясында бұдан әрі жүзеге аса береді деп отырмыз, деді ол.

«Ал енді, «Индустриалды инновациялық» даму мемлекеттік бағдарламасына келер болсақ, Елбасының съездегі баяндамасында экономикалық тұрғыдан жаңару мәселесі айтылды. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 35-ші қадамнан 83-ші қадамына дейін жазылған жоспарында индустрияландыру – экономиканың жаңаша өсуі деп айтылған болатын. Бұл еліміздің дамуындағы ең негізгі мәселе. Экономиканы дамытпай, оны құндылық ретінде жаңартапай біз алға қарай дами алмаймыз. Бүгінгі күнге дейін шикізат арқылы жағдаймызды жақсартып келдік, енді шикізатқа деген тәуелділіктен арылатын уақыт жетті. Енді экономиканы әртараптандыруымыз керек. Бұл жерде шикізат емес секторды дамыту жұмысы тұр. Яғни, шағын және орта бизнесті дамытуымыз қажет. Бізде шағын және орта бизнес түсімі 20 пайыздан ғана асады, ал бұндай салалары дамыған мемлекеттер де жалпы кірістің 50-60 пайызын құрап отыр. Елбасы шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Егер, азаматтарымыздың жеке кәсібі дамып, мемлекеттен тиісті көмектерін алып, жұмыстары алға басып жатса оларға басқа артық ештеңенің де керегі жоқ. Сонда елімізде келісім, тұрақтылық сияқты құндылықтар салтанат құратын болады. Әркім өндірісін дамытып, бала-шағасын асырап, еліне үлесін қосып мамыражай ғұмыр кешетін болады. Қорыта айтқанда, шағын және орта бизнес дамитын болса, елде жұмыссыздық азаяды, халықтың тұрмысы түзеледі, тұрақтылық нығаяды, еліміздің бюджеті артады. Шағын-және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Кедергілер алынып тасталды, «Атамекен» ҰЭП-ы құрылып, барлық аудандарда оның бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Бізге керегі де осы. Сондықтан, индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының халқымызға берері мол»,-деп атап өтті сенат депутаты.

Сонымен қатар, ол ендігі бір айта кететін мәселе, бағдарламалар жасалды, жоспар құрылды, мүмкіндік берілгенін айтып, осы жұмыстарды ары қарай жүргізуде істі атқаратын мемлекеттік қызметкерлеріміздің жауапкершілігі қажет екенін еске салды. 

«Жоғарыда айтқанымдай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың жағдайын жақсарту мақсатында құрылғын жоспарларды айқындап, оларды жүзеге асыру тетіктеріне дейін көрсетіп берді. Бізге енді тек осы міндеттерді іс жүзінде орындау ғана қалды. Сол үшін барлығымыз бірігіп білек, жұмылып жұдырық болып әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана барлығымыздың жағдайымыз жақсаратыны сөзсіз»,-деп қорытындылады сөзін сенатор. 

Қанат Тұраров 

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды