Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесіп жүргізеді

9 Ақпан, 2016 15:04
Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесіп жүргізеді

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаңа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістің биологиялық тиімділігі қаралды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығының баспасөз қызметі.

Бұған қоса, екі ведомствоның Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде   РФ АШМ-ның 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мың га аумақта шегірткенің топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мың га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу өткізілді. Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты.

2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат үйірлі шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын толық көлемде жүргізуге мүмкіндік берді.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндеріне залал келуі, сондай-ақ шегірткелердің көршілес мемлекеттердің аумақтарына ауысуы анықталмаған.

Кездесудің соңында РФ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегірткеге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерге қарсы күрес жүргізу бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар