2016 жылы ШҚО-да мембағдарлама бойынша 16 үй жөнделеді

9 Ақпан, 2016 19:13
2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында мембағдарлама бойынша 16 үй жөнделеді. Бұл туралы ШҚО-ның энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Өткен жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 21 көппәтерлі үй жөнделді, оның 8 трансферт есебінен болса, 13 үй қайтарымды қаржыға жөнделді.

«2015 жылы Өскеменде 13 үй, Зырян мен Шемонаиха аудандарында – 1, Қатон –Қарағай мен Ұлан ауданында  -3. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды», - деді ШҚО-ның энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алма Қайрақанова. 

Барлық жаңалықтар