- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы министрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
« Қазақстан географиялық және климаттық өлшемдері жағынан, сондай-ақ экономикалық құрылымы жөнінен көп жағдайда Канадаға ұқсас. Тәуелсіздік жылдары біз екіжақты қарым-қатынастың белсенді дамуына мүдделі болдық. Мысалы, бізде ауыл шаруашылығы саласында өте қарқынды ынтымақтастық қалыптасып келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Канаданың сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ықпалдастығын нығайтуға ықпал ететініне сенімін білдірді.
«Өз кезегінде Б.Бэрд қабылдау үшін алғыс айта келіп, өзінің Қазақстанда болуы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жаңа серпін беретінін айтты», - деп хабарламада нақтыланған.
«Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы шартқа қол қойылуын тағатсыз күтудеміз. Мен бұл ынтымақтастығымызды дамытудың негізгі ұстынының бірі болады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласында, оған жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жақсы жұмыстар бар. Біз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, біз саяси және дипломатиялық өзара ықпалдастыққа зор көңіл бөлеміз», – деді Д.Бэрд.
Канада сыртқы істер министрі Астанаға қатысты таңданысын білдіре келіп, жаңа елорданың құрылысы болашақ ұрпақ үшін лайықты мұра болатындай жарқын жетістік екенін атап өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері