• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы Павлодар облысында агрохимиялық өнім шығаратын жоба іске қосылады

2016 жылы Павлодар облысында агрохимиялық өнім шығаратын жоба іске қосылады

9 Ақпан, 2016 13:47
2016 жылы Павлодар облысында агрохимиялық өнім шығаратын жоба іске қосылады.Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев мәлiмдедi.

«Бiз инвестициялар тартуды дағдарысқа қарсы шаралардың бiрi ретiнде белгiледiк. Мұнда облыстың су қарқыны жоғары болып, 123%-ды құрады. Бiр жылдың iшiнде барлығы 450 млрд теңге инвестиция тартылды», - дедi облыс басшысы.

Қ.Бозымбаев осы көрсеткiштiң арқасында Павлодар облысы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң шоғырландырылған рейтингiнде бiрiншi орынды иеленгенiн айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа инвестиция, соның iшiнде шетелдiк инвестициялар тарту бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Оның аясында инвестициялар тарту бойынша өңiрлiк агенттiк құрылып, облыстық инвесторлар кеңесi қалыптастырылған. «Павлодар» АЭА аумағында 28 әлеуеттi қатысушы тiркелген және 4 кәсiпорын бүгiнде жұмыс істеп жатыр. Олар 40 млрд теңге инвестиция салып, өткен жылы 14 млрд теңгеден астам сомаға өнiм шығарылды. АЭА инфрақұрылымының құрылысы бойынша да жұмыстар жүргiзiлiп жатыр және осы орайда 3 млрд теңге игерiлдi. Осы жылдың бiрiншi тоқсанында агрохимиялық өнiмдердi шығаратын жобаны iске қосу жоспарланып отыр», - дедi өңiр басшысы.

Барлық жаңалықтар