ОҚО-да 24 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

9 Ақпан, 2016 18:24
Оңтүстік Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының көрсеткіштері бойынша өткен жылы денсаулық сақтау саласында нәтижелі жетістіктерге кол жеткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 Мәселен, облыста 24 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, 17 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал, медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 1,3 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 63%-дан 65,3%-ға, яғни республикалық орта көрсеткішке жетті.

Қазіргі заманға сай құрал – жабдықтармен толықтырылған облыстық кардиохирургиялық орталық базасында ашық жүрекке 311 операция жасалынды. Сонымен қатар, педиатриялық қызметті орталықтандырудың арқасында жаңа технологияларды ендіруге мүмкіндік жасалып, Израиль мемлекетінің мамандарымен бірлесе 7 күрделі кардиохирургиялық, жалпы 230 баланың жүрегіне операция жасалды.

524 науқасқа тромболитикалық ем жүргізілді, 29 ми инсультына шалдыққан науқастарға тромболизис терапиясы жасалынды. Ал өңірдегі 7 «гибридтік зертханалар» оқу-жаттықтыру орталығы 1100 маманды қашықтықтан оқытуға мүмкіндік берсе, облыстағы 3 симуляциялық орталықтарда 1426 маман білімін жетілдірді. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде, жалпы өлім көрсеткіші 1,0% төмендеп, 5,3-ті құрады. Нәрестелер өлімі 1,0%, аналар өлімінің көрсеткіші 30,5% төмендеді.

Барлық жаңалықтар