Түпқарағай ауданында осы жылы үш ауысымды оқу мәселесі шешіледі-әкім

10 Ақпан, 2016 18:16
Түпқарағай ауданында осы жылы үш ауысымды оқу мәселесі шешілетін болады. Бұл жөнінде Түпқарағай ауданынң әкімі Темірбек асауов аудан халқының есептік кездесуінде айтып өтті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылы Түпқарағай ауданының 87 пайызы әлеуметтік жағдайына жұмылдырылды және оқу мекемелерінде  педагогикалық кадрлардың жетіспеушілік мәселелері мен тұрғын үй жағдайларына,  материалдың сыйымдылығы мен объектілерінің  техникалық базасын арттыру, үш ауысымда оқытуды жою, мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталды.

 «НКОК» компаниясының қаражатына Форт-Шевченко  қаласында 550 орыны білім беру мекемесі салынуда. Мектептің жанында 120 орынды жатақхана құрылуда. Құрылыс жұмыстарын осы жылы бітіреміз деп жоспарлаудамыз, және үш ауысымды оқу мәселесі шешілетін болады»,-деді Т.Асауов.

Қазіргі таңда Түпқарағай ауданында 8 мектеп бар, ол жерде 5 843 оқушы білім алуда. Өткен жылы ыстық тамақпен 1 461 бірінші сынып оқушысы мен аз қамтылған отбасылардың балалары қамтамасыз етілді. 

ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Ақшүкір ауылының орта балы 85,14-ті құрады. Маңғыстау облысының ең үздік бес мектептерінің қатарына кірді.

Барлық жаңалықтар