Қазақстан қазыларының VI съезіне ҚР Президенті қатысуы мүмкін – А. Смолин

13 Қараша, 2013 12:43
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ҚР қазыларының VI сеъз жұмысына Мемлекет басшысы қатысуы мүмкін, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазылар кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин мәлімдеді.

«2013 жылдың 20 қарашасында өтетін   ҚР қазыларының VI сеъз жұмысына Мемлекет басшысы қатысуы мүмкін. Съезге жоспар бойынша 1150 адам қатысады. Олардың 67 меморганның жетекшілері, 30 шет елдің өкілі. Съезде «Қазақстан «Стратегиясы-2050» аясында сұрақтардың қарастырылуы мен 5 съезде жүктелген тапсырмаларды  талқылайды. Сондай-ақ,2020 жылға дейінгі мемлекеттік-құқықтық саясат арқылы 30 дамыған ел қатарына қосылу жайы да қаралады», - деді А. Смолин.

ҚР Қазылар кеңесінің төрағасы айтқандай, съездің бағыты халықаралық құқықтың қалыптасуы мен соттық жюрилардың жетілуі сынды өзекті сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, сот және журналистік қоғамның қарым-қатынасы да қаралады.

«Съез бойынша осыған қойылған бағыт, мақсат, жолдарды қарастырып, жүзеге асыратын боламыз», - деді А. Смолин.

 

Барлық жаңалықтар