- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Христеа: ЕО мен ҚР арасындағы келісім - интеграциялық форматтағы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтудің жарқын мысалы
Т.Христеа: ЕО мен ҚР арасындағы келісім - интеграциялық форматтағы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтудің жарқын мысалы
"Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында ынтымақтастық пен серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін Мемлекеттік хатшымен кездесіп отырмыз. Бұл өте маңызды. Бұл келісім 23-тен астам тараудан тұрады, олар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы барлық саладағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Әрі бұл шарт түрлі интеграциялық форматтағы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айғақтап отыр", - дейді Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеа.
Еуропалық одақ Қазақстанның сауда және инвестициялық басты серіктесі болып табылады. Өткен 10 жыл ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есеге, ал Қазақстан экономикасына салынған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есеге артты. Еуропалық одақтың үлесіне Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының жартысынан көп бөлігі және ел экономикасындағы шетелдік капиталдың 49 пайызы (215 млрд доллардың 104,6 млрд доллары) тиесілі. Қазақстанның Еуропалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 31,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл еліміздіңижалпы сыртқы сауда көлемінің 51,4 пайызын құрайды.
Өз кезегінде Қазақстан ЕО-ның 30 ірі сауда серіктесінің қатарына еніп, ЕО-мен жалпы сауда айналымы бойынша 26 орынға ие болды (импорт бойынша - 15 орын, экспорт бойынша - 39 орын).
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері