- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың 9 айы бойынша Павлодар облысында экономика өсiмi 100,9%-ды құрады
2015 жылдың 9 айы бойынша Павлодар облысында экономика өсiмi 100,9%-ды құрады
«2015 жыл Павлодар облысының экономикасы үшін бiршама қиын жыл болды. Ол көршi Ресей экономикасындағы қиындықтарды бiрінші болып сезiндi. Рубльдiң құлдырауына байланысты Павлодар облысы өндiрушiлерiнiң тауарлары бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалта бастады. Бiздiң iрi кәсiпорындарымыз өндiрiсті төмендетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, әлемдегi мұнай бағасының төмендеуi, шикiзат пен металға деген сұраныстың азаюы да облыстың дамуына әсер етпей қоймады», - дедi облыс басшысы.
Қ.Бозымбаев Үкiметтiң дер кезiнде қабылдаған шараларының арқасында өңiрдiң негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi бойынша оң қарқынға қол жеткізгенін айтты.
«Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстағы экономика өсiмi 100,9%-ды құрады, жылдық қорытынды шамамен 101,5% болады деп күтудемiз. Дағдарыс әсіресе өнеркәсiп секторына қатты әсер еттi. Өндiрiс көлемi 4,2%-ға төмендедi. Соның iшiнде, энергетикадағы құлдырау ауқымды болды. Екiбастұз ГРЭС-нiң рубльдiң құлдырауына байланысты Ресей нарығына электр энергиясын тасымалдауды тоқтатуы да осыған себеп», - дедi облыс әкiмi.
Қаңтар-желтоқсан айларында өндірістік өнім көлемі 1031,3 млрд теңгені құрады. ФИК – 95,8 пайыз.
Тау-кен өндіру саласында 115,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 112,3 пайыз 2014 жылы құраған болатын. Көмір өндірудің физикалық индекс көлемі 93,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірістік өнім көлемі 666,3 млрд теңгені құрады, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 96,9 пайызға жетті.
Газ жіберу, электрмен қамту саласында өнім көлемі 238 млрд теңге немесе 2014 жылмен салыстырғанда 86,3 пайызды құрады. Облыстың электр станциялары 34,7 млрд кВт электр энергиясын өндірді.
Өндірістік жылу энергиясы 13371,8 мың Гкалды құрады.
Сумен жабдықтау саласында өнім көлемі 11,5 млрд теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 90,7 пайызды құрады.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды