• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында ҮИИДМБ аясында 274 млрд теңгенің 68 жобасы жүзеге асырылды

Павлодар облысында ҮИИДМБ аясында 274 млрд теңгенің 68 жобасы жүзеге асырылды

9 Ақпан, 2016 11:03
Павлодар облысында ҮИИДМБ –нің бірінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында 274 млрд теңгенің 68 жобасы жүзеге асырылды, деді ОКҚ-дағы брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

«Бірінші бесжылдықты жүзеге асыру аясында пайдалануға 274,4 млрд теңгенің 68 жобасы берілді. 5617 жұмыс орны құрылды. Екінші бесжылдық ИИДМБ  аясында 1, трлн теңгенің құйылуымен 24 жоба жоспарланды, ол 5817 жұмыс орнын ұсынады», - деді әкім.

Оның айтуынша, 2015 жылы 443,2 млрд теңгенің 5 жобасы іске қосылып, 1992 жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда жобалар өнім  шығаруда.

Индира Кауметова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар