• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы заң жобасына енген өзгертулерді қолдады

Мәжілісте ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы заң жобасына енген өзгертулерді қолдады

13 Қараша, 2013 12:43
Парламент Мажілісінің пленарлық отырысында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы қаралды,деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсынылған заң жобасында сегіз заңнамалық актілеріне түзетулер енгізу көзделген, оның ішінде екі кодекс бар – бюджет кодексі және салық кодексі»,-деді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Парламент Мажілісінің жалпы отырысында.

ЭКСПО сияқты ауқымды мемлекеттік жобаны жедел іске асыру қажеттігіне байланысты, Мемлекет басшысы қаралатын заң жобасын шұғыл деп жарияланды.

«Техникалық реттеу туралы» Заңға көрмені ұйымдастыру және өткізу шеңберінде тауарлар, жұмыстар және қызметтерге қатысты шетелдік сертификаттарды пайдалану бойынша жеңілдетілген жағдайларды жасайтын түзетулер енгізілуде.

Жаңа және энергия сақтайтын технологиялардың элементтерімен әлемдік ауқымдағы нысандарын жобалау және салу бойынша ауқымды тәжірибесі бар шетел мамандарын тарту рәсімін оңайлату мақсатында, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға осы мамандарды квотадан тыс тартуға мүмкіндік беретін түзетулер ензілізеді.

Халықаралық көрмелер бюросының ЭКСПО инфрақұрылымының құрылысын 2016 жылдың соңына дейін аяқтау жөніндегі талаптарын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға жобамен өзгерістер енгізіледі.

Барлық жаңалықтар