- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мәдениет министрлігі мен «SUPERB FILMS» британиялық кинокомпания ынтымақтастық туралы келісті (ФОТО)
ҚР мәдениет министрлігі мен «SUPERB FILMS» британиялық кинокомпания ынтымақтастық туралы келісті (ФОТО)
ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» (Ұлыбритания) компаниясының басшысы Кент Волвин ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «SUPERB FILMS» компаниясы аралығындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
Құжаттарға қол қою кезінде тараптар мәдени байланыстар мемлекеттеріміз арасындағы тығыз өзара түсіністік және мәдени алмасудың маңызды арнасыболып табылатындығына бірауыздан келісті.
«Біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «100 нақты қадам» Ұлты жоспарын жүзеге асыру үшін мәдениет, өнер және киноөндірістің маңыздылығын түсінеміз. Тең және өзара тиімді әріптестікке дайындық білдіре отырып, біз Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания арасындағы мәдени ынтымақтастықты көтермелеп, қолдаймыз», - деді А. Мұхамедиұлы.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында мюзиклдер және жұмыс атауы «Шыңғысхан және Иерусалим серілері» көркем кинофильмін түсіруді ұйымдастыру саласындағы 2016-2017 жж. арналған келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар конфессияаралық сұхбатты күшейту шеңберінде Иса Пайғамбардың «белгісіз жылдары» туралы көркем және деректі фильмдер түсіру жоспарланған.
Қазақстандық ведомстваның басшысы және британдық кинокомпанияның жетекшісі қазақстандық фильмдердің ел ішінде және шет елдерде тарату мен көрсету мәселелеріне де тоқталып кетті.
Өз тарапынан көрсетілімге шыққан 100-ден аса фильмді түсірген британдық кинопродюсер Кент Волвин қазақстандық кинематографқа ұзақ уақыт бойы қызығушылық білдіріп жатқандығын айтты. Британдық продюсердің жуық арадағы жсопарларына Қазақстанда тарихи және көркем фильмдерді түсіру кіреді.
«Түсіруге ниет білдіріп жатқан фильмдердің бірі – жас Шыңғысхан туралы тарихи сипаттағы көркем фильм. Фильмде жас Шыңғысхан – Темучин Батыс Еуропаның крес жорығына қатысушы серілерімен кездеседі және бұл кездесу болжам бойынша қазіргі Қазақстан аумағында орын алған болатын», - деп Кент Волвин шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді