2015 жылы Көкшетауда 4 мың пәтер орталық газбен жабдықтау жүйесіне қосылды

10 Ақпан, 2016 10:18
2015 жылы Көкшетауда 4 мың пәтер орталық газбен жабдықтау жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Айта кету керек, Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ғазбен жабдықтау жүйесіне қосу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің барлық көпқабатты үйлерді газбен жабдықтау мәселесі бойынша  2014-2016 жылдарға арналған 3 жылдық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасы қаралуда.

Бүгінге «Кокшетау-Транс-Газ» ЖШС Көкшетау қаласында 3 851 пәтерге үйішілік газ жабдықтарын жеткізу үшін  36-шы газ тарату стансасын қайта жаңғыртып, пайдалануға берді. Сонымен қатар, 2016 жылы абоненттердің санын 6,5 мыңға арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған газ тарату стансаларының санын 50 бірлікке дейін жеткізу көзделуде.

Барлық жаңалықтар