Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына 41 күн қалды – ҚР ОСК

9 Ақпан, 2016 09:46
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына дайындық белсенді жүруде. Саяси партиялар сайлауалды кампанияларын өткізіп, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді бекітуде. Өңірлік сайлау комиссиялары халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. ҚР ОСК баспасөз қызметіндегі күнтізбе 20 наурыздағы сайлауға 41 күн қалғанын көрсетеді.

2016 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша Орталық  сайлау комиссиясына 6 партиялық тізім ұсынылды. «Нұр Отан», «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» және Қазақстанның коммунистік партиясы тіркелді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың жетекшілігімен өткен бүгінгі отырысқа Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері мен хатшы Тұрғын Сыздықов және ҚКХП Орталық комитетінің Құрметті хатшысы В.Косарев қатысты. Оларға парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер 22 кандидаттың куәлігі тапсырылды.

«Қарауға Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының партиялық тзімсі тапсырылды. Жобаға сәйкес,  біз партиялық тізімді тіркеп, Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге сәйкес куәліктерді тапсырамыз. Тізімде 22 үмітер бар. Партиялық тізімдегі барлық тұлғалар ҚР Конституциясының талаптарына сай тексерілді», - деді Б.Мельдешев.

Оның айтуынша, салық органынан декларация бойынша үрдістің  уақытша тоқтағаны бойынша анықтама бар.

«Жобаға сәйкес, біз БАҚ-та партиялық тізімнің тіркелуі мен сайлау бюллетеніне партия тізімін қосамыз», - деді ол.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының партиялық тізімін бекітті. В. Косарев партия мүшелері алдағы сайлауда сайлаушылар тарапынан жоғары сенімге ие болудан үмітті екенін атап өтті.

Айта кетейік, сайлау  заңнамасына сәйкес «Ақжол» партиясының кезектен тыс XIII-і съезі өтіп, оның барысында  делегаттар бірауыздан партияның  Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысуы  туралы шешімі қолдау тауып, Орталық сайлау комиссиясына бектілген тізімі ұсынылды.

Үміткерлер  тізіміне қатысты анықтама бере кеткен партия төрағасы А.Перуашев «Бұл  тізімге 35 адам еніп отыр, оның ішінде 24-і бизнес өкілдері мен кәсіпорындар  және банк құрылымдары басшылары, ал 6 адам ұлттық  және техникалық зиялы қауым  өкілдері, сондай-ақ тағы бесеуі партиялық органдардың жетекшілері», - деді ол.

3 ақпанда ҚР ОСК «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеді.Мәслихаттар депутаттығына ұсыну белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылғы 4 ақпандағы таңғы сағ. 10-дағы жағдай бойынша республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылды.

Олардың ішінде:облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына  - 324 адам;аудандық мәслихаттарға -  2015 адам;қалалық мәслихаттарға – 526 адам.

 «Біз ұсынған 127 кандидаттың бәрі де депутат болады деген сөз емес. Мүмкіндігінше, Мәжілістегі 98 депутаттық мандаттың басым бөлігіне ие болу үшін, әрине, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», - дейді А.Мырхзахметов.

Осыған дейін мәлім болғандай, 127 кандидаттың ішінде жеті ұлттың өкілі бар.23 % -дан астамы – әйел адамдар.«Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы – 26 жаста.

Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.

Орталық сайлау комисиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ОСК отырысына қатысқан «Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат куәлігін тапсырды.

«Әрбір саяси партия үшін сайлауалды жұмыстарды бастау алдында ОСК-да партиялық тізімді тіркеу өте маңызды болып табылады. Себебі, осыдан кейін негізгі жұмыстар басталады, яғни, сайлауға дайындық, насихат жұмыстары. Сайлауалды жұмыстардың барлығы осы тіркеуге байланысты болғандықтан, біз, шыны керек, осы сәтті асыға күттік. Тиісті өз кандидаттарымыздың құжаттарын толыққанды тапсырдық», – деді Ә.Бектаев.

Төрағаның айтуы бойынша, партия  сайлау қызметінде заң шеңберінде жұмыс істейтін болады.

«Өздерініз білетіндей съез барысында 19 кандидатты ұсындық. ОСК біздің партиялық тізімді тіркеді. Ол 19 адамнан тұрады. Олардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыған. 11-ауыл шаруашылық мамандығы, 5-і ғылым докторы, 3-і ғылым кандидаты, біреуі мемлкеттік сыйлықтың лауреаты»,-деді А.Бектаев.

Партия төрағасы ауыл шаруашылық және ауыл тұрғындарының болашағы партияның негізгі бағдарламалық мақсаттарының бірі екенін айтып, ауыл шаруашылық пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасы үшін аса маңызды сала екенін атап өтті.

«Бірлік» партиясынан 8 адам ұсынылды оның бәреуі әйел адам. Олардың барлығы жоғары білімді: техникалық, заңгерлік, экономикалық, философиялық, журналистік және олардың ішінде 4 ғылым кандидаты мен бір профессор. Кандидаттардың орта жасы 59»,- деп «Бірлік» партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев айтып өтті.

Олардың айтуынша, кандидаттар Астана қ. , Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарынан ұсынылып отыр.

«4 кандидат бұған дейін еліміздің заң шығару органына сайланса, тағы 4 кандидат түрлі мемлекеттік қызметте болған және жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған»,-деді ол.

2016 жылдың 8 ақпанына сәйкес,  ОСК-ға 6 партиялық тізім ұсынылды. Айта кетейік, үміткерлерді  қабылдау 19 ақпанға дейін, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жалғасады.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар