- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда дамудың жаңа үрдісі басталды
Қазақстанда дамудың жаңа үрдісі басталды
Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасына саяси партиялар да, қоғамдық ұйымдар да, жалпы қазақстандықтар да қолдау білдіріп жатқандығы ел бірлігінің белгісі,-дейді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел.
«Біздің алдымызда межелі міндеттер тұр. Сондықтан, қоғамда қызу талқыға ие болған кезектен тыс Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар сайлауларын өткізу туралы үндеудің өзіндік маңыздылығы бар. Басты нысана әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере отыра мемлекеттің экономикасын дамытумен қатар, қоғамды серпіліске түсіретін жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұтас мемлекеттік даму бағдарын айқын саралап берді. Біз осындай кезеңде шапшаң қимылдап, ел экономикасын бірігіп үдетуіміз керек және тез шешім қабылдауымыз қажет. Ең алдымен елдің бірлігі ауадай қажет. Біздің халықтың тарихтың небір ауыр кезеңдерінен осы ынтымақ пен бірліктің, ауызбіршіліктің арқасында абыроймен өткенін естен шығармау керек»,-деп атап өтті С.Түгел.
Ол бұл сайлау Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына енуіне ықпал жасайтын «Ұлы Дала елі», «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында еліміздің дамуына жаңаша серпін беретін мемлекетшіл, отаншыл, ұлтжанды жаңа пішімдегі депутаттарды сайлап, Елбасы саясатының арқасында кәсіби және зияткерлік даму жолында Ұлы Дала елі ұрпақтарын әлемге танытуға, жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімді екенін жеткізді.
«Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының терең ойластырылған батыл қадамы «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының көңілінен шығып отыр. «Ұлы Дала» - ұлтымыздың кіндік қаны тамған, ата-бабаларымыздың қаны мен тері сіңген құт қонған, ұялы мекені.
Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасына саяси партиялар да, қоғамдық ұйымдар да, жалпы қазақстандықтар да қолдау білдіріп жатқандығы ел бірлігінің белгісі. Халықтың үмітін ақтап келе жатқан көшбасшы – «Нұр Отан» партиясын да қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайды және оның іскерлігі мен табандылығына сенім артады. Ендігі мәселе жұмыла біргіп, іске кірісуге, білекті сыбанып еңбек етуге келіп тіреледі. Бағдарлама бар, басым бағыттар айқындалды, оларды жүзеге асыру үшін не істеу керектігі нақтыланды. Бұл бағытта әрбір Қазақстандық өзіндік үлес қосатындай шаруа тындырса, еліміздің дағдарысты еңсеріп қана қоймай еліміздің дамуына серпін берері сөзсіз», деді «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел.
«Өз басым бұл дер шағында көтерілген бастама және өте орынды шешім деп есептеймін. Мемлекет басшысы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламасында Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың тәжірибелік тетіктерін нақтылап берді. Құрылғанына 5 жыл толып отырған, ұраны «Бірлігі мықты ел озады» деп аталатын «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының қырандары да дер кезінде қабылданған бастаманы бірауыздан қолдайды. Осы орайда, Елбасымыздың берген нақты тапсырмаларын толыққанды орындау мақсатында еліміздің Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау өте орынды әрі ұтымды бастама деп есептеймін»,- деп атап өтті С.Түгел.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың жетекшілігімен өткен бүгінгі отырысқа Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері мен хатшы Тұрғын Сыздықов және ҚКХП Орталық комитетінің Құрметті хатшысы В.Косарев қатысты. Оларға парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер 22 кандидаттың куәлігі тапсырылды.
«Қарауға Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының партиялық тзімсі тапсырылды. Жобаға сәйкес, біз партиялық тізімді тіркеп, Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге сәйкес куәліктерді тапсырамыз. Тізімде 22 үмітер бар. Партиялық тізімдегі барлық тұлғалар ҚР Конституциясының талаптарына сай тексерілді», - деді Б.Мельдешев.
Оның айтуынша, салық органынан декларация бойынша үрдістің уақытша тоқтағаны бойынша анықтама бар.
«Жобаға сәйкес, біз БАҚ-та партиялық тізімнің тіркелуі мен сайлау бюллетеніне партия тізімін қосамыз», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына 6 партиялық тізім ұсынылды. Олардың ішінде «Нұр Отан» партиясы, «Ақжол» ҚДП, «Ауыл» ХДПП және ҚКХП-ның партиялық тізімдері бар.
20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев V шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Данияр Қасымов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады