• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тексеру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады – Серік Ахметов

Қазақстанда мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тексеру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады – Серік Ахметов

13 Қараша, 2013 12:12
Қазақстан Үкіметі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тексеру және оңтайландыру бойынша жұмысты ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру бойынша, оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды оңтайландыру және тексеру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр», - деді С.Ахметов ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында.

Оның айтуынша, тексерулер 46 бағдарламаға жатады, олардың 5 мемлекеттік және 41 салалық.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, алдымен, әлеуметтік бағыттылық, сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігінің артуы болып табылатын оңтайландыру критерийлерін анықтаймыз.  Нақты бір сфераның бағдарламалары, бағыттылықтары бір бағдарламаға анықталады деген болжам бар», - деп түсіндірді ҚР Премьер-Министрі.

Мысалға, өңірлік даму аясында алты салалық бағдарламаны біріктіру жоспарланып отыр, олардың ішінде «Ақ бұлақ», «Моноқалаларды дамыту», «Қолжетімді тұрғын үй», «ТКШ жетілдіру» және басқалары.

«Меніңше, бұл жұмыс депутаттармен келісілен соң қарашада және желтоқсанда аяқталады, Мемлекет басшысына нақты ұсыныстар енгіземіз», - деп түйіндеді Серік Ахметов.

Барлық жаңалықтар