• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да «Алтын сапа» және 2016 жылғы «Қазақстаның үздік тауары» атты жарысы бастама алды

ҚР-да «Алтын сапа» және 2016 жылғы «Қазақстаның үздік тауары» атты жарысы бастама алды

8 Ақпан, 2016 19:53
«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасының «Алтын сапа» Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурсы мен 2016 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі батама алғандығын хабарлайды.

ҰКП-ның хабарлауынша, жарысқа Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер және тауарларды өндірумен айналысатын заңды тұлғалар қатыса алады.

«Жарысқа қатысам деушілер 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін өтініштері мен есептерін, ережеге сәйкес жобаларын, таныстыру материалдары мен алдын ала бағалау жұмыстарын беруі тиіс. Оның барлығы ҚР Үкіметімен бекітілу керек»,-деп хабарландыруда айтылған.

Айта кетейік, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі қазақстанда 2006 жылдан бастап әр жыл сайын өткізілуде.

Барлық жаңалықтар